Ясауи университетінің хабаршысы https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy
"Iasaýı ýnıversıtetіnіń habarshysy" журналы Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінде1996 жылғы 8 қазанда тіркеліп, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қайта тіркеуден өтіп, N232-Ж куәлігі берілген. Шығу жиілігі: 3 айда 1 рет. МББ тілі: қазақша, түрікше, орысша, ағылшынша. Индекс № 75637. Журнал 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Париж қаласындағы ISSN (International Standard Serial Number) орталығында тіркелген. ISSN 2306-7365 (print), e-ISSN 2664-0686 (online).
Международный Казахско-Турецкий Университет имени Ахмеда Ясави ru-RU Ясауи университетінің хабаршысы 2306-7365 СТУДЕНТТЕРДІҢ КРЕАТИВТІЛІГІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3856
Зерттеу мәселесі білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін жеке креативтілік қабілеттері ретінде дамытуды теориялық жағынан талдау болып табылады. Бұл мақалада білім алушылардың шығармашылығын дамыту үшін білім беру жағдайларының тиімділігін, әсіресе университет білім алушыларының даму әдістерін тексеру тұрғысында жүргізілген тәжірибелік жмыстардың нәтижелері келтірілген. Инновацияның негізгі алғышарттары шығармашылық қызметтің барлық салаларында бар. Креативтілік – интеллектінің ең жоғары формасы болып табылады және адамның іс-әрекетінің әртүрлі салаларында жаңалықтарды жасау және қолдану қабілетін сипаттайды. Интеллектінің ең жақсы бөлігі креативтілік болады. Креативтілік – бұл ең алдымен жаңа идеялардың туындауы. Бұл шығармашылық синтездеу қабілетіне тікелей қатысты. Шығармашылық синтезінің нәтижесі теорияны дамыту, өнертабыс, өнер туындысы немесе мәселені түсіну болып табылады. Жоғары оқу орындарында кәсіби білім беру жүйесінде білім алушылардың креативтілігін дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін құру мәселесі толыққанды дамымаған, алайда бұл қазіргі таңда кәсіби педагогика тұрғысынан үлкен маңызға ие.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы дайындалған психологиялық-педагогикалық проблемалардың сапасын жақсартуға және білім алушылардың креативтілігін қалыптастыру мен шығармашылық оқу процесіне әзірлік бойынша ұсыныстар жасауға мүмкіншіліктер береді.
А.А. ЖОЛДАСБЕКОВ A.T. ИСКАЛИЕВА Б.А. ЖОЛДАСБЕКОВА Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 194 203 БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА STEM-ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НҰСҚАУЛАРЫ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3857
Мектеп практикасына цифрлық STEM-оқытуды енгізу жолдары цифрлық білім орталарын құру арқылы педагогикалық мәселелерді шешудің тиімділігін арттыра отырып, оны толықтырумен және дамытумен айналысатын цифрлық педагогика элементтерінің бірі болып табылады. Бұл мәселе бүгінгі таңда тың мәселе қатарында. Өйткені, STEM-білім беруге қатысты ұғымдардың мән-мағынасы әлі де болса бірмәнді ашылмаған, қолдану әдістері толыққанды зерттелмеген және мұғалімдердің басым көпшілігінің STEM-құзыреттіліктері қалыптаспаған. Қазіргі практикада кездесетін STEМ-оқытудың екі жағдайы бар: жаратылыстану ғылымдары интеграцияланған мектеп пәні ретінде; жаратылыстану ғылымдары жеке мектеп пәндері ретінде. Біздің елімізде екінші жағдай сақталып, STEM-оқытуды пәнаралық мазмұн мен пәнаралық оқу тапсырмаларын пайдалану жолымен енгізу қарастырылуда. Бұл жағдайда STEM сабақтары мен STEM жобаларды ұйымдастырудың мәні зор. Сол себепті мақалада бірқатар еңбектерде ұсынылған STEM-оқытуды қолданудың дидактикалық нұсқаулары қарастырылып, STEM-оқыту бойынша дидактикалық жобалардың құрылымдық үлгілері ұсынымдық сипатта келтірілген. Зерттеу нәтижесінде білім беруді цифрландыру жағдайында STEM-оқытуды қолданудың дидактикалық элементтері көрсетіліп, оларға сәйкес дидактикалық нұсқаулар және оларды жүзеге асырудың білім ортасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды. Сонымен қатар, STEM-оқытуды енгізуде аталған дидактикалық нұсқауларды негізге алу және болашақ мұғалімдерді арнайы даярлау оларға қажетті білім мен дағдыларды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар осы салада білім алушыларды одан әрі оқыту үшін қажетті арнайы дағдыларды дамытады деген қорытынды жасалды.
Р.И. КАДИРБАЕВА Х.К. АБДРАХМАНОВА Қ.Б. КУДАЙБЕРГЕНОВА Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 204 217 ОРТА МЕКТЕПТЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯДАН БІЛІМ БЕРУДЕ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3858
Мақалада органикалық химия пәнін оқытуда мультимедиалық технологияларды қолдану ерекшеліктері және тәжірибесі талқыланды. Қазіргі кезде білім беру процесінде мультимедиалық технологиялардың қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайтын зерттеу нәтижелері жинақталды. Орта мектепте химия пәнін меңгеруде мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқытудың нәтижелері ұсынылған. Орта мектепте органикалық химиядан білім беруде мультимедиалық технологияларды қолданудың педагогикалық негіздері аясында ғылыми зерттеулер жүргізілді. Сонымен қатар теориялық және эмпирикалық зерттеулерге, білімгерлердің өзіндік жұмыс формаларына, нақты айтқанда, органикалық химия курсынан электронды форматта жасалған көп деңгейлі жеке тапсырмаларға ерекше назар аударылды. Органикалық химияны оқытуда талдау, синтез, мәліметтерді электронды зерделеу, видео, бақылау, компьютерлік графикалық кестелерді түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеулер нәтижесінде орта мектепте органикалық химиядан білім беруде мультимедиалық технологияларды қолданудың педагогикалық негіздерін дәстүрлі білім берумен салыстырылып, сараланды. Ақпараттық ортаны қолдана келе, педагогикалық әдіс-тәсілдерді негізінде білім беру ыңғайлы екені айқындалды. Орта мектепте мультимедиалық технологияны қолдануымен оқыту әдістерін, тәсілдерін, формаларын пайдалану арқылы білімгерлердің танымдық қабілеттері қалыптасты. Оқушыларға білім, білік дағдыларын қалыптастырып қоймай, ой-әрекетінің дамуына, оқу әрекетіне ғылыми таным логикасына баға берілді.
Ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқытудың жалпы білім берудің базалық деңгейінде мультимедиалық технологияларды қолдана отырып, органикалық химия курсын иллюстрациялауда, абстракциялауда және оқыту әдістерін салыстыру негізінде әдістемелік құрал ретінде қолдануы мүмкін.
М.О. АЛТЫНБЕКОВА Г.А. УМАРОВА A.K. МАМЫРБЕКОВА Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 218 231 Подкастар арқылы ағылшын тілі коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3859
Бұл зерттеу подкаст негізіндегі оқыту арқылы студенттердің коммуникативті құзыреттілігін байыту мақсатында, әсіресе ағылшын тілін оқытуда коммуникацияның маңызды рөлін анықтауға бағытталған. Мақалада коммуникативті құзіреттіліктің теориялық негіздері, тілді меңгеру теориялары және цифрлық технологиялардың тіл үйрену тәжірибесіне әсері қарастырылады. Мақалада тіл үйренушілердің коммуникативтік құзыреттілігін арттыратын зерттеу әдістері мен технологиялары сипатталған.
Берілген мақалада сапалы және сандық зерттеу әдістері, соның ішінде сауалнама деректерінің статистикалық талдау, сәйкес подкасттарды таңдау, бақылау және жинақталған ақпаратты синтездеу әдістері қолданылған. Эксперимент жүргізу үшін келесі гипотезалар қарастырылды:
1. Пәнге арналған подкастарды пайдаланудың артуы оқушылардың тілді меңгеру мен түсінуінің жақсаруына оң нәтиже береді.
2. Подкаст мазмұнының әртүрлі түрлері (мысалы, академиялық және ойын) тіл үйрену нәтижелеріне әртүрлі әсері болады.
3. Тілді меңгеру деңгейін бағалау кезінде подкастардағы таңдалған лексика және сөз тіркестері оқушылардың ағылшын тілін түсінуі мен қолдануының жақсаруына ықпал етеді.
Қорытындылай келгенде, сабақтарға подкаст енгізу арқылы өткізу ағылшын тілінің теориясы мен практикасы арасындағы алшақтықты жою арқылы тіл үйрену нәтижелерін айтарлықтай жақсартты. Бұл аудио ресурстар оқушылардың білім алу тәжірибесін байыта отырып, баға жетпес ақпарат, әртүрлі перспективалар және арнайы терминологияны қамтамасыз етті. Құрылымдық оқыту бағдарламаларында подкастарды пайдалану коммуникативті құзыреттілікті арттыру және біртұтас оқу ортасын құру үшін перспективалы жол болып табылады. Бұл зерттеу пәндік подкастарды тілдерді оқытудың оқу бағдарламаларына енгізу тілді меңгеру мен түсінуді айтарлықтай жақсарта алатынын, тіл білімінің әдістемелерінде оңтайлы ықпал жасай алатынын көрсетеді.
Г.К. Бельгибаева А.С. Баймахан Ж.М. Акпарова Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 232 242 Транспәндік тұғыр кәсіби құзыреттіліктерді дамытудың дидактикалық ресурсы ретінде https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3860
6В05301 – «Физика» білім беру бағдарламасы жаратылыстану бакалаврларын даярлау бағытында кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз ететін құралдар ретінде қарастырылатын транспәндік, іс-әрекеттік және ресурстық тұғырлар зерттеудің әдіснамалық негізі болып табылады. Базалық және кәсіптік пәндерді оқып-білуде транспәндік тұғырды қолдану студенттердің бойында болашақ кәсіби іс-әрекетте қажет болатын кәсіби құзыреттіліктер жүйесін қалыптастыруға бағытталады. Білімдер мен технологиялардың ғылымды қажетсіну деңгейінің арта түсуіне байланысты білімдер мен технологиялардың жаңа жүйелік сапасын құрастыруға деген қажеттілік мәселесі туындайды. Білім берудің осындай жаңа жүйелік сапасын құрастыруда транспәндік тұғыр жүйелік құраушы фактор болып табылады.
Оқу процесінде студенттердің бойында кәсіптік, базалық, әмбебап құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін транспәндік кәсіби бағытталған тапсырмаларды (ТКБТ) құрастыру және тексеру, квалиметриялық әдіс негізінде сол тапсырмалардың тиімділігін бағалау мақаланың зерттеу мақсаты болып табылады. Зерттеу міндеттеріне сәйкес: 1) 6В05301 – «Физика» білім беру бағдарламасына кіретін оқу пәндері тізіміне, оқыту нәтижелеріне, мазмұны мен құрылымына эксперттік баға берілді; 2) іс-әрекет сапасының негізгі сипаттамасы болып табылатын студенттердің кәсіби ойлау деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ететін ТКБТ жүйесі құрастырылды; 3) ТКБТ негізінде студенттерді оқытуды жүзеге асыру технологиясы құрастырылды; 4) квалиметриялық әдісті қолдана отырып, мамандардың эксперттік және тұтынушылардың (студенттердің оқыту нәтижелерін (ОН)) бағалауы негізінде эксперименттік тексеру нәтижелері бағаланды.
А.Б. Искакова К.А. НУРУМЖАНОВА Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 243 257 ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ TILIA CORDATA БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ АРҚЫЛЫ БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3861
Мақалада жаратылыстану бағыты студенттерін ғылымға баулу мақсатында зерттеушілік іс-әрекеттерді қолданудың зерттеу жұмысын ұйымдастырудың барысы талданды. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты биологиялық білім беруде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бағындағы жөкенің күйзеліске төзімділігін, морфо-физиологиялық, экологиялық ерекшеліктерін анықтау арқылы зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде теориялық және бірнеше эмпирикалық әдістер: «INSERT» әдісі, сауалнамалау әдісі, дедуктивті әдіс, топтық әдіс, бақылау әдісі қолданылды. Лекция сабақтарын жүргізу барысында «INSERT» әдісі, ал студенттердің тәжірибелік жұмыстар жүргізуге қызығушылығын арттыру үшін танымжорық (экскурсия) әдісі қолданылды. Өсімдіктің морфо-физиологиялық көрсеткіштерінің өлшемдерін анықтау мақсатында биометриялық өлшеу әдісі, фенофазалық кезеңдік бақылау әдістері пайдаланылды.
Университетіміздің ботаникалық бағында 2-курс биолог студенттеріне Ботаника бөлімінің тәжірибелік сабақтарына арналған жөке ағашының сұрыптарын іріктеу әдісін қолдана отырып, олардың өміршеңдігі мен мофро-физиологиялық ерекшеліктерін анықтаудың теориялық негіздемесі жасалынды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жөке өсімдігінің түрлерін көбейтудің оңтайлы әдісі танылды. Бұл бағытта ғылыми зерттеу жұмыстарына таңдап алынған студенттерге теориялық білім ұсынылып, білімді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында сауалнама алынды. Білімді меңгеру бастапқыда екі топта 32% бен 28%-ды құраса, жұмыстың соңындағы қайта алынған сауалнамада бұл көрсеткіш зерттеу жұмыстарына қатысқан екі топтың біреуінде артса, ал келесі бір топта өзгеріссіз нәтиже көрсетті. 1-топ (эксперименттік топ) өздері таңдап алған сұрыпты тыңайту арқылы өз білімдерін 32%-дан 88%-ға дейін арттырды. Ал тек теориялық негізде ғана білім алған 2- топтың нәтижесі 1-топқа қарағанда 25%-ға төмен болды. Зерттеу жұмыстарына қатысқан 1-топтың өздері таңдап алған жөке сұрыпын тыңайтқыштармен байытып, олардың төзімділігі мен өміршеңдігін бақылады. Зерттеушілік іс-әрекеттерді қолдануда ғылыми-зерттеу жұмысының барысы мен зерттеу жұмысының ұйымдастырылу кезеңдері көрсетілді. Зерттеу жұмысын орындауда студенттерде зерттеу нәтижелерін талдау, қорытындылау, болжамды нәтижені бағалау критерийлері жетілдірілді.
Н.Н. САЛЫБЕКОВА Б.З. УМИРОВ Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 258 272 Шет тілін оқытуда мобилді қосымшаларды пайдалану https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3862
Соңғы он жылда әлеуметтік медиа қарқынды дамып, адам өмірінде маңыздылығы арта түсті. Танымал әлеуметтік сайттарының ішінде, әсіресе жастар арасында Инстаграм ерекше орын алды. Бүгінгі таңда әлеуметтік медиа адамның өмірдегі даму процесінің бөлігі болып табылады, сондықтан көптеген студенттер кітап оқудан гөрі гаджеттер арқылы оқуды жақтайды. Студенттерге Инстаграмды пайдалану шет тілін үйренудің тамаша тәсілі болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты студенттердің Инстаграм арқылы тілдік дағдыларын дамытуға деген көзқарасын білу және студенттердің теңдестерімен қосылуға және олармен қарым-қатынас жасауға деген ынтасын арттыру үшін құралды қалай пайдаланғаны туралы көбірек білу болды. Бұл студенттердің онлайн форумдағы қаншалықты жиі қатысатынын және Инстаграм тіл үйренуге арналған жаттығу алаңы ретінде пайдалану туралы не ойлайтынын зерттеді. Зерттеу сандық зерттеу дизайнын қолданды. Зерттеуді Али Эрарслан (2019) Инстаграм білім беру платформасы ретінде пайдаланды. Бұл сауалнамаға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің шет тілдерін оқыту факультетінің 77 студенті қатысты. Сауалнамадан алынған деректер әлеуметтік ғылымдар статистикалық пакеті (SPSS 23.0) арқылы талданды. Деректерді талдау кезінде сипаттамалық статистика қолданылды. Нәтижелер студенттердің Instagram-ға деген оң көзқарасын көрсетті.
M. Акешова Г. Ризаходжаева Е.М. Торбик Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 273 282 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ГЕЙМИФИКАЦИЯ: ТИІМДІЛІГІ МЕН ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3863
Геймификация – қазіргі уақыттағы білім беру технологиясындағы ең маңызды заманауи трендтердің бірі. Зерттеуде жалпы орта мектептегі бастауыш сыныптың ағылшын тілі сабақтарында геймификацияны қолданудың тиімділігін және оқушылардың мотивациясы мен олардың шетел тілін үйренуге деген қызығушылғын арттыру үшін геймификацияға негізделген цифрлық платформаларды қолданудың мүмкіндіктері қарастырылды. Kahoot+ premium және Quizizz цифрлық платформалардағы геймификацияға негізделген сабақтың нәтижесі және алдыңғы зерттеулердің де әсері салыстырылады.
Зерттеу жұмысымыздың эксперименттік бөлігі Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы бастауыш сынып мұғалімдері мен бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Эксперименттік және бақылау топтарында жүргізілген бұл зерттеуге іріктемеге 30 бастауыш сынып оқушысы қатыстырылды. Және оның оң нәтиже берген көрсеткіштері кестелер және суреттер арқылы келтірілді.
Зерттеудің басты мақсаты ағылшын тілі сабақтарына геймификация элементтерін қосу арқылы оқушылардың белсенділігін, мотивациясын және жалпы оқу нәтижелерін жақсарта алады деген гипотезаны тексеру болып табылды. Осы зерттеуде қолданылған зерттеу әдістері сауалнамалар, бақылаулар және бағалаулар арқылы деректерді жинауды қамтитын сандық және сапалық тәсілдердің жиынтығын қамтиды. Талдау мен нәтижелер бөлімінде алынған мәліметтерге сәйкес кестелермен, диаграммалармен және статистикалық көрсеткіштермен толықтырылған теориялық талдаулар жасалды. Қорытынды бөлімінде бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытуға геймификацияны енгізудің әлеуетті артықшылықтарын көрсететін зерттеу нәтижелеріне негізделген тұжырым берілген. Мақала зерттеудің нәтижесін талқылаумен және одан әрі зерттеу бағыттарын ұсынумен аяқталады.
М.М. ДУЙСЕНОВА А.Н. ЖОРАБЕКОВА Г.И. АБРАМОВА Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 283 295 БОЛАШАҚ ЭКОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДА МОБИЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3864
Қазақстанның жоғары білім берудегі ең басты мақсаты кәсібилік, коммуникативтілік және шет тілдік құзыреттілігі, сыни ойлау стилі мен шығармашылық әлеуеті қалыптасқан кәсіби мамандарды даярлау болып табылады. Қазіргі таңда жоғары білім беруді үздіксіз, жан-жақты дамыған, сапалы, мобильді технологияларды қолдана отырып ұйымдастыруда білім алушылардың белсенділігіне, олардың тәуелсіздігіне, қазіргі қоғамның ауыспалы сәттеріне тез бейімделе алу қабілеттілігіне басты назар аударылуы қажет. Болашақ сапалы әрі білікті экологтардың кәсіби даярлығын жетілдірудің оңтайлы резервтерін жинақтау, олардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруда және дамытуда жазық жүйеге ауысады. Жоғары мектептегі білім беру жүйесін кәсіби тұрғыда табысты іске асырудың ең басты факторы коммуникативті құзыреттілікті дамытуда бірегей шығармашылық қабілетті жоғарылатушы білім беру кеңістігін құру мәселесі туындайды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім беруді жаңғырту және ақпараттандыру үдерісіне байланысты халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлау және оларға берілетін білім сапасын арттыру мақсатында жоғары кәсіби құзыреттілікке ие кәсіби және шығармашылық тұлға ретінде болашақ маманның қалыптасуының жаңа педагогикалық негіздерін әзірлеуге арналған курс қалыптасқан. Болашақ экологтардың кәсіби құзыреттілігінің сапасын арттыруда жаңа технологияларды, білім беру жүйесіндегі оқытудың озық әдістерін барынша көбірек қолданған жөн. Бұл зерттеу жұмысымызда мобильдік оқыту технологиясын қолдану арқылы оқытудың сапасы мен болашақ экологтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудың жолдары қарастырылды.
Д.К. СУНАКБАЕВА Д.Х. ЮЛДАШБЕК Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 296 306 ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРДЫ ТИІМДІ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3865
Бұл мақалада Қызылорда және Түркістан облыстарының шағын жинақты мектептерінде дене шынықтыру сабағын өткізу сапасына талдау жүргізіліп, аталған мектептерде дене тәрбиесі қызметін жетілдіру мен туындаған мәселелерді шешу жолдары қарастырылады.
Дене шынықтыру мұғалімі үшін негізгі көрсеткіш сабақтарды сапалы өткізу және оқушылардың денсаулығын нығайту болып табылады. Біз зерттеу жүргізген шағын жинақты мектептердің дене шынықтыру мұғалімдері ЖОО-да сырттай бөлімде оқығандықтан, дене шынықтыру сабақтарын өткізудің арнайы әдістерін меңгермеген. Біз мұны сауалнама жүргізу арқылы анықтадық.
Сонымен қатар, шағын жинақты мектептердегі дене шынықтыру мұғалімдерінде күнделікті кездесетін мәселелерді анықтап, 36 сағаттық арнайы біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курс барысында сабақты жоғары кәсіби деңгейде өткізуге және сабақты өткізудің жаппай жасау, кезектесіп жасау, ауыспалы, топтық және жеке әдістерін қолдана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру жолдары үйретілді.
Эксперимент Қызылорда және Түркістан облыстарының шағын жинақты мектептерінде жүргізілді. Зерттеу жұмысының басты мақсаты – шағын жинақты мектептердің ерекшеліктері мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктіліктеріне талдау жасалып, бастауыш сыныпта өткізілетін ұлттық қозғалыс ойындарын іріктеп, жүйелеп, біріктірілген сыныптарда сабақ өткізудің әртүрлі нұсқалары мен әдістемесін ұсыну.
Эксперимент барысында ұлттық қозғалыс ойындарды қатысушылардың жас ерекшеліктеріне, дене дамуына қарай іріктеу оқушылардың қимыл дағдыларының қалыптасып, дене бітімінің, дене әзірлігінің, дене жетілуінің дамуына да пайдасын тигізетінін анықтадық.
Зерттеу соңында эксперимент және бақылау топтарынан бақылау нормативтері алынып, нәтижесінде эксперимент тобында барлық көрсеткіштер бойынша жоғары деңгей көрсетті. Біз ұсынған әдістемені дене шынықтыру мұғалімдері күнделікті сабақта әдістемелік нұсқаулық ретінде пайдалануына болады.
Н.К. ЖИЛИСБАЕВ Ж.М. ЕСИРКЕПОВ Б.И. Курманбаев Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 307 320 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3866
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдысын дамытуға болашақ педагогтарды кәсіби даярлау мәселесіне назар аударады. Авторлар жүргізген ғылыми-зерттеулері студенттердің шығармашылық, зияткерлік белсенділігін артуына ықпал етеді. Әдебиеттерге шолу жасау барысында әлеуеметтік дағды мен даярлық ұғымдарының мәні анықталып, сондай-ақ әлеуметтік дағдыны дамытудың мәселесі нақтыланған. Студенттердің кәсіби даярлығын дамыту үдерісінің мотивациялық, танымдық, іс-әрекеттік, рефлексиялық компоненттерінің деңгейлері бойынша бағалау жүргізілген.
Эксперимент барысында арнайы курс ұйымдастырылып, онда теориялық, практикалық және әдістемелік тапсырмалармен қамтыла отырып, кешенді жұмыс жүзеге асырылған. Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдысын дамытуда болашақ мұғалімдердің дайындығының көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалып, эксперименттік жұмыстың нәтижелері ұсынылған. Студенттер оқушылардың әлеуметтік дағдысын дамытуға бағытталған технологияларды және берілген ақпараттарды игеріп, оны практика барысында сәтті іске асыруда айтарлықтай өзгеріске қол жеткізеді.
Нәтижелерді талдауда болашақ педагогтердің өз мамандығына, кәсіби іс-әрекетіне деген қызығушылықтары артқаны, шығармашылық ойлауы мен танымдық қабілеттерінің едәуір жақсарғаны байқалады. Алынған нәтижелер студенттерді даярлау барысында қолданылған әдістер және ұйымдастырылған жұмыстардың тиімділігін көрсетеді. Сәйкесінше, «Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдысын дамыту әдістемесін» оқу жоспарына пән ретінде енгізуді қажет деп санайды.
Г.И. САЛГАРАЕВА Р.А. НАБУОВА Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 321 335 МЕКТЕПТЕГІ БУЛЛИНГ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3868
Мақалада буллинг ұғымына түсініктеме бере отырып, буллингтің бірқатар түрлерін көрсетеді және буллингтің туындау себептеріне қысқаша ақпарат беріледі. Мақаланың зерттеу өзектілігінде мектептегі буллингтік әрекеттердің оқушылардың эмоциялық, тұлғалық қасиеттеріне қоса, оқуға қатынасына да кері әсер ететіндігі, субъективті әл-ауқатының нашарлауы тұжырымдала отырып, оның алдын алудың маңыздылығын сипаттайды. Мектептегі буллингтің алдын алуға қатысты бірнеше шетелдік зерттеулерге теориялық талдау жасау барысында жүйелеу, жалпылау, педагогикалық өнімдерді талдау әдістері және эксперименттік деректерді статистикалық өңдеу әдістері қолданылады. Шетелдік зерттеулер негізінде буллингтің алдын алудың әртүрлі механизмдері мен ғылыми тұжырымдары дәйектеледі. Корея, Мексика, АҚШ, Финляндия, Нигерия елдеріндегі буллингтің алдын алу тәжірибелері талданады. Шетелдік тәжірибелер бойынша оқушыларда эмпатиялық қабілетті жетілдіру, өзіндік тиімділікті арттыру, конфликтіге қатысушылардың қарым-қатынасын қалпына келтіруге байланысты өзара әрекеттесуді жақсарту, позитивтілікті ұстану, буллингтік жағдаяттардағы бақылаушылардың жанашырлық сезімін жетілдіру, өзіндік қорғаныс әрекеттерін меңгертуге байланысты арнайы іс-шаралардың маңыздылығы айқындалады. Мақалада Алматы және Түркістан қалалары бойынша мектеп оқушылары арасында орын алатын физикалық және психологиялық жәбірлеу әрекеттерінің түрлері мен көріну жиілігі туралы статистикалық деректер келтірілген.
Т.Қ. МУСТАПАЕВА Г.У. ЕЛЕУСИНОВА Б.Ш. ИБАТУЛЛИН Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 336 349 Қазақстандағы университет оқытушыларының инновациялық қызметін дамыту жолындағы негізгі кедергілер https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3869
ЖОО оқытушыларының инновациялық «кедергілері» мәселесін зерттеудің өзектілігі жоғары білім саласындағы оқытушы тұлғасына қойылатын заманауи талаптарға байланысты. Бұл мақала университет оқытушыларының инновациялық қызметінің «кедергілерінің» мәнін анықтауға арналған. Қазіргі уақытта жоғары білім берудегі инновациялардың негізгі мақсаты тұлғаның, адамның шығармашылық қабілеттерінің үйлесімді дамуы, сондай-ақ елдің зияткерлік және инновациялық әлеуетін арттыру болып табылады. Білім берудегі инновациялар тұлғаның жаңашыл білімді, дағдылар мен құндылықтарды игеру үрдісінің бөлігі болып табылады. Сондықтан университет оқытушысының инновациялық қызметін зерттеу мен қалыптастыруға байланысты мәселелер ерекше маңызға ие.
Осы мақалада зерттеу нәтижелерін алу үшін келесі әдістер қолданылады: теориялық (зерттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік авторлардың ғылыми жұмыстарын талдау және синтездеу); эмпирикалық (сауалнама, педагогикалық бақылау). Қазақстан университеттері оқытушыларының қатысуымен анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың негізгі мақсаты университет оқытушыларының инновацияларды меңгеруде туындайтын кедергілерді анықтау еді. Жүргізілген сауалнама ЖОО оқытушыларының инновациялық қызметін іске асыруында бірқатар кедергілер бар екенін көрсетті.
Сонымен қатар зерттеу нәтижелері барлық оқытушылар инновациялық қызметпен айналыспайтынын және оның себептері болуы мүмкін екендігін көрсетті. Оларға инновациядан қорқыныш, ескі әдістер жаңа әдістерге қарағанда тиімдірек және т.б. жатады. Мақала авторлары жоғары оқу орнындағы оқытушылардың тиімді және табысты жұмысты кедергілерді еңсерудің жолы деп қорытынды жасайды. Университет оқытушыларының өздігінен білім алу және өзін-өзі дамыту, жаңашылдыққа ұмтылу, мақсатқа жету, туындайтын қиындықтардың себептерін жоя білу ерекше маңызға ие.
Р.Е. Кусаинова Г.Т. Уразбаева Г.З. Тажитова Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 350 360 Биология сабақтарында метакогнитивті дағдыларды дамыту https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3870
Мақалада 10 апталық метатанымға негізделген биология курсының метакогнитивтік дағдыларды дамытуға және оқушылардың биологияны түсінуіне әсерін бағалауға бағытталған зерттеу деректері қамтылған. Зерттеуге физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі сегізінші сыныбының 55 оқушысы (Семей қаласы, Қазақстан) қатысты. Бір топ метакогнитивтік кеңестер мен стратегияларды қолданса, екінші топ стандартты оқу бағдарламасын пайдалана отырып, тақырыпты зерттеді. Нәтижелер тапсырманы орындау кезінде метакогнитивтік стратегияларын жақсарта отырып, кеңестер алған оқушылар биология тестінде жоғары ұпай жинағаны анықталып және классикалық түрде оқытылатын топқа қарағанда метатанымдық дағдылардың жақсарта түскенін көрсетті. Сұхбаттардың сапалы талдауы оқушылардың арасындағы ынтымақтастық пен түсіністік тақырыптарын ашты. Олар биология туралы түсініктерін тереңдеткен тапсырмалардың ерекшелігін және метакогнитивтік кеңестер арқылы жеңілдетілген бірлескен оқуды жоғары бағалады, бұл олардың тақырыпты түсінуін жақсартып қана қоймай, сонымен қатар сыныптағы жағымды ахуалға ықпал етті. Оқушылар метакогнитивті стратегиялар қолдануда тапсырманы орындауға назар аударылатындығын атап өттіп, ерекше мән берді. Бұл зерттеу биологиялық білім беруді жақсартудағы метакогнитивті қолдаудың тиімділігін көрсетеді. Авторлар оқушылардың тәжірибесі мен оқу нәтижелеріне оң әсерін көрсете отырып, метатанымдық стратегияларды сыныптағы тәжірибелерге біріктіруді ұсынады.
А.Ж. Садыкова М.О. Искакова А.Б. Советова Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 361 372 АРАЛАС ШЫНДЫҚ ОРТАСЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ БАЯНДАУДЫ ҚАЗАҚ ЫМ-ИШАРА ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ ӘЛЕУЕТІ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3871
Ғылыми мақалада есту қабілеті нашар оқушыларды оқытудағы қазіргі тенденция – аралас шындық (Mixed Reality, MR) ортасында интербелсенді (интерактивті) баяндауды қолдану әлеуеті қарастырылған. Соңғы жылдары виртуалды ортада ақпаратты визуалды қабылдаудың бірегей мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін MR технологиялары білім беру саласында маңызды орын ала бастады.
Зерттеу есту қабілеті нашар оқушылар үшін қарым-қатынастың маңызды элементі болып табылатын қазақ ым тілін оқытудағы қиындықтарды шешу үшін MR-ды пайдалану перспективаларын көрсетеді. Мақалада аталған топтың қажеттіліктері Қазақстан жағдайында жиі назардан тыс қалатын заманауи технологияларды пайдалана отырып, қазақ ым тілін оқытудың құнды тәжірибесі берілген.
Мақала авторлары 10–14 жас аралығындағы есту қабілеті нашар оқушыларға арналған арнайы сыныптардан 24 оқушы арасында жүргізілген тәжірибелік эксперименттің нәтижелерін ұсынады. Бұл эксперимент сөздік қорды кеңейту және оқу материалын түсінуді жақсарту үшін MR технологиясын қолдану мүмкіндігін бағалады. Сондай-ақ мақалада алдын ала бақылаулар, анықталған шектеулер талқыланып, есту қабілеті бұзылған оқушылар үшін оқу процесінде қосымша құрал ретінде аралас шындықты пайдалануды жақсартудың ықтимал жолдары ұсынылады. Сонымен қатар әртүрлі елдерде есту қабілеті нашар оқушыларды оқытуда аралас шындық технологияларын қолдануды көрсететін мысалдар мен зерттеулер де мақалада көрсетілген. Бұл зерттеу педагогикалық тәжірибені байытуға, арнайы және инклюзивті білім беруді дамытуға ықпал етеді.
Бұл мақала ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытудағы технологиялық шешімдер туралы білім мен ақпаратты таратуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы салада жұмыс істейтін мұғалімдерге және зерттеушілерге пайдалы болуы мүмкін құнды ресурстар мен құралдарды ұсынады.
А.Б. КЫДЫРБЕКОВА А.Е. КАРЫМСАКОВА Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 373 385 Қазақ аңыздарында «тасқа айналу» мотиві https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3840
Қазақ аңыздары мен мифологиялық мұрасы бай қазақ мәдениетінің маңызды бөлшегін құрайды. Аңыздар – қазақ халқының тарихын, наным-сенімдері мен құндылықтарын көрсететін елеулі дереккөздер. Бұл мақалада қазақ аңыздарында жиі кездесетін тасқа айналу мотиві қарастырылды. Ең жиі кездесетін құбылу мотивтерінің бірі саналатын тасқа айналу – аңыздағы жанды және жансыз элементтердің жазаға тартылуы немесе пәлекеттен құтқарылуы үшін құдіретті күш тарапынан тасқа айналдырылу процесі. Онда адамдардың, жануарлардың, үйлердің және басқа да заттардың тасқа айналу мысалдарын көруге болады. Бұл процес адамдар Құдайдан өздерін қиын жағдайдан алып шығуын, жауларын жазалауын немесе терең қайғыны жеңуге көмектесуін сұрап, тасқа айналдыруды қалағанда жүзеге асады. Тасқа айналу жақсылар үшін құтылу болса, жамандар үшін жазаға тартылу болып табылады. Мақалада 15 қазақ аңызы қарастырылып, аталмыш мотив тасқа айналудың себептері (тасқа айналу түрлері) бойынша: 1) Алланың қаһарымен тасқа айналу; 2) Өз еркімен немесе басқаның дұғасымен тасқа айналу; 3) Қарғыспен тасқа айналу; 4) Шаршағаннан, соғыса алмаудан тасқа айналу; 5) Қайғыдан тасқа айналу; 6) Өлген жануардың тасқа айналуы секілді алты топқа жіктеліне отырып зерттелді. Сонымен қатар, тасқа айналу мотиві негізінде аңыздардың астарлы мағынасы мен тәрбиелік мәні айқындалып, маңыздылығы көрсетілді.
Е. Арғынбаев Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 7 15 «ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫНДАҒЫ» ЕЖЕЛГІ НАНЫМ-СЕНІМДЕР КӨРІНІСТЕРІ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3841
Мақалада «Қорқыт ата кітабындағы» жырларда көрініс табатын оғыз тайпаларының көне наным-сенімдері мен ежелгі түркі халықтарының мифтік элементтері және шамандық нанымдарына байланысты дүниеге келген көне сюжеттер арнайы қарастырылады. Сонымен қатар, «Қорқыт ата кітабында» ерте заманның дүниетанымы мен кейінгі дәуірдің идеологиясы, шамандық сана мен исламдық түсініктің ұштаса келе, тұтас әрі күрделі синкреттік түрде көрініс табатыны баяндалады. «Қорқыт ата кітабынан» мифтік сарындағы мотивтердің ұқсастығы жоқ, бөлек үлгілерін ұшыратуға болатыны айтылады. Түркі халықтарының нанымдары мен әлемнің жаратылысы турасында дүниеге келген мифтік түсініктері жақсы сақталғандығы жайында сөз қозғалады.
Мақаланы жазуда белгілі ойшыл ғалымдардың талдаулары мен ой тұжырымдары берілген зерттеу еңбектері қарастырылды. Кітап исламдық құндылықтарды қабылдаған кезеңде хатқа түскенімен, жырларда ескі нанымдардың көп өзгеріске ұшырамағандығы зерттеу нысанына айналады. Қорқыт ата мұрасының мәдениет, әдебиет пен тарих үшін аса құнды дүние екендігі белгілі. Сонымен қатар, Қорқыт жайлы деректердің де шындыққа жанаспайтын тұстары зерттеуді қажет етеді. Сол себепті заман озса да өзектілігін жоймайтын тақырыптардың бірі екендігі айтылады.
Қ.С. ҚАЛЫБЕКОВА О. СӨЙЛЕМЕЗ А.Д. БЕКҚҰЛОВА Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 16 25 Қазіргі комикстік жарнаманың ерекшеліктері https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3842
Бұл мақаланың мақсаты – комикс элементтері бар заманауи жарнама мәтіндерін талдау. Заманауи жарнамада адресаттың эмоциясын оятуға бағытталған әртүрлі прагматикалық стратегиялар көбірек қолданылуда. Бұл мақсатқа жетудің тиімді әдістерінің бірі – әзіл-оспақты қолдану және күлкілі әсер ету. Әзіл аудиторияның назарын аударуға және жарнамалық хабарламаны есте сақтауға көмектеседі. Жарнамалық мәтіндер көбінесе әртүрлі лингвистикалық әдістерді және өз мақсаттарына жету үшін тілдік құралдарды қолданады. Тілдік құралдардың көп мағыналылығы, омонимиямен, функционалды синкретизммен, сөздерді ойнату, күлкілі бейнелер мен жағдаяттар көбінесе комикстің пайда болуына себеп болады. Жарнама мәтіндерін талдауда үздіксіз іріктеу әдісі қолданылып, күлкілі реңктері бар 50-ден астам жарнамалық мәтіндер таңдалып алынды. Сандық талдау күлкілі элементтері бар жарнамаларды сандық есепке алу үшін, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасында жүргізілген сауалнамада осындай жарнамалардың олардың күнделікті өміріне әсерін анықтау үшін қолданылды. Зерттеу барысында комизм элементтері бар жарнамалар мақсатты аудиторияның қалауы мен үміттерін ескере отырып, ауызша және вербалды емес элементтердің үйлесімі арқылы ақпаратты, эмоциялар мен құндылықтарды толық, ақпараттық және көрнекі түрде жеткізе алатындығы анықталды. Мақаланы жарнаматану, қазіргі журналистиканың кейбір аспектілері және комикс әдебиетін оқитын студенттерге қосымша ретінде пайдалануға болады.
Г.А. Сейдуллаева Г.К. Темиркулова Ж.Л. Кенжитаева Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 26 39 Қазақ халық ертегілеріндегі «ант», «серт», «уәде» концептілерінің прагмалингвистикалық аспектісі https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3843
Қазақ халқының менталитетіндегі «сөзге беріктік», «бір сөзді болу», «айтқанында тұру» сияқты ұғымдар қазақ халық ертегілерінде көп кездесумен қатар, қазақ қоғамында адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуде қолданылатын маңызды тілдік бірлік ретінде көрініс табады, өйткені жалпыадамзаттық құбылыс болып саналатын «ант», «серт», «уәде» рухани концептілері қоғамда тұлғалардың арасында сенім мен сендіру сезімдерін қалыптастыру үшін қолданылатын жалпыадамзаттық концептілер болып табылады. Мақалада мәдени мұрамыз болып есептелетін халық ертегілеріндегі «ант», «серт» және «уәде» концептілері прагмалингвистикалық тұрғыдан қарастырылады. Сондай-ақ, авторлар мақалада көшпелі түркі қоғамындағы «ант беру», «серт беру» дәстүрлері мен рәсімдеріне тоқталып, қазақ халық ертегілеріндегі түркі әлемі үшін киелі құндылыққа ие «ант», «серт» және «уәде» рухани концептілеріне талдау жасайды. Зерттеудің нәтижесінде халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде маңызды рөл атқаратын қазақ халық ертегілеріндегі «ант», «серт» және «уәде» концептілерімен қатар, көшпелі өмір салтында кеңінен қолданылатын құқықтық, магиялық, діни және «саф» этикалық сипаттағы «ант беру», «серттесу» және «уәде беру» рәсімдеріне қатысты тың деректер ұсынылады. Талдау жасалған ертегілердегі «ант беру», «серт беру» және «уәде беру» сөйлеу актілерінің прагматикалық маңызы баяндалып, «ант», «серт» және «уәде» концептілерінің адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынастарды реттеудегі рөлінің уақытпен бірге өзгеріп, дамып, қолданылу шеңбері мен стильдік реңкінің өзгеріске ұшырап, семантикалық тұрғыдан сараланғаны ашып көрсетіледі. Сонымен қатар, сөздің семантикалық дамуы адам танымының дамуын көрсете алады деген тұжырым жасалады.
Қ.Ш. Балабекова A.A. Құрманәлі Ж.К. Отарбекова Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 40 52 ЖОҚТАУ ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ ӨМІР МЕН ӨЛІМ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚТЫҚ ФИЛОСОФИЯ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3844
Мақала жоқтау жанрының өмірмәндік және тарихи негіздерін талдауды мақсат еткен. Зерттеуші сақ, ғұн, үйсін тайпаларының ауызша поэтикалық дәстүрін мұрагері қазақтың өлім мен өмір жайлы экзистенциялдық философиясының терең тамырларын танытатынын көрсетеді. Автор фольклортанушы, философ, тілші ғалымдардың құнды пікірлеріне сүйене келе жоқтаудың қазақ халқының адам болмысы, адам ғұмырының туу-ер жету-өлу циклдерінің мәні жайлы гуманистік пайымын танытатынын дәлелдейді. Жоқтау жырларының терең философиялық мәнімен қатар, фольклор поэтикасының генезисін, өзін туғызған дәуірдің шындығын танытатынын, әдеби ескерткіш екенін нақты мысалдар арқылы көрсетеді. Жоқтау жырлары мен өлік жөнелту ғұрпының мифологиялық қырларын ашады.
Автордың өзі Ұлттық ғылым академиясының қолжазбалар қорынан тапқан «Абдолла қажыны жоқтау жырының» ХІХ ғасырдағы қазақ жерінің отарлануы тарихымен сабақтастығын дәлелдейді. Атақонысынан айрылған қазақ руларының Қазақстанның шығыс аймағынан үдере көшуі, жайлы қоныс іздеп Монғолия, Қытай, Ресей жерлерін шарлауы, тарихи тұлғалардың есімдерінің аталуы оның тарихилығын танытатынын көрсетеді. Туындыгер жоқтау жанрының ұлттың дүниетанымы, өмірлік пәлсапасымен, тарихымен сабақтас маңызды жәдігер болғандықтан, әлі де зерттеуді қажет ететіндігі туралы түйінді ой айтады.
Б.Б. КЕЛГЕМБАЕВА Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 53 63 ҚАЗІРГІ АЙТЫСТАҒЫ САТИРА МЕН ЮМОРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК СИПАТЫ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3845
Бұл мақалада әлемдік әдебиет дәстүрімен үндес, ортақ белгілері бар сатира мен юмор жанрының тарихын, қалыптасу жолдарын, өзіндік ерекшеліктерін талдауға арналған зерттеу еңбектеріне шолу жасалады. Қазіргі айтыс өнеріндегі сатира мен юмор мәселесінің орны, даму үрдісі, зерттеуші ғалымдардың ғылыми-теориялық пікірлері мен тұжырымдары жан-жақты сараланады. Әрі бұл тұжырымдар мен пікірлер қазіргі айтыскер ақындардың сөз дестелері негізінде зерделенеді. Атап айтқанда, Мұхамеджан Тазабеков пен Айтмұхамбет Исақовтың, Мұхамеджан Тазабеков пен Шынарбек Қабиевтың, Мэлс Қосымбаев пен Мұхамеджан Тазабековтың, Есенқұл Жақыпбеков пен Әселхан Қалыбекованың, Мұхтар Ниязов пен Бекарыс Шойбековтың, Бекарыс Шойбеков пен Жансая Мусинаның айтыстары талданады. Мақалада айтыстардың тақырыптық-идеялық ерекшеліктері, ақындардың көркемдік ерекшеліктері, қолдану шеберліктері айқындалады. Жұптасқан айтыскерлердің тақырыпқа сай юмор мен сатираны ұтымды пайдалануы нақты қайымдасулары барысында айқындалатыны дәлелденеді. Сол сияқты ақындардың көпшілік тыңдарманның көкейінде жүрген, тарихи, саяси, қоғамдық-әлеуметтік, адамзаттық, жаһандық мәні мен маңызы зор мәселелерді бірде ащы сынап сатирамен, енді бірде астарлы әзілмен жеңіл жеткізген сөз оралымдары талданады. Айтыс барысы әр ақынның сахна мәдениеті мен ережелерін ұстануы, көпшілік пен жұптасқан ақынды сыйлау коммуникациясы, айтыс тақырыбын жеткізудегі ой жүйелігі мен сөз тазалығы сараланды.
Г.Т. ТЛЕУБЕРДИНА Г.С. БӨКЕН Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 64 74 «Диуани хикмет» жинағының нұсқалары және олардың текстологиясы https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3846
«Диуани хикмет» жинағының нұсқалары және олардың текстологиясы» атты ғылыми мақалада Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» деп аталатын хикметтер жинағының түрлі нұсқалары талданады, сонымен қатар мәтінтану мәселелері, мәтіндік вариация және оның уақыт бойынша эволюциясы қарастырылады. Зерттеу жинаққа тарихи шолу жасаудан, оның мәдени және әдеби мұрадағы маңызына тоқталудан басталады. Авторлар «Диуани хикметтің» әртүрлі нұсқаларын зерттеп, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды анықтай отырып, егжей-тегжейлі мәтіндік талдау ұсынады.
Негізгі назар уақыт бойынша әртүрлі көшірушілер мен редакторлар енгізген мәтіннің вариацияларын анықтауға бағытталады. Авторлар бұл нұсқалардың қалыптасуына мәдени-тарихи контекстердің ықпалын, сонымен қатар мәтіндік әртүрлілікті анықтайтын түйінді тұстарды бөліп көрсетеді. Мақалада Қожа Ахмет Ясауидің сопылық поэзиясы мен философиясын жақсырақ түсіну үшін бұл зерттеудің маңыздылығы жөнінде де айтылған. Авторлар «Диуани хикметтің» мәтіндік талдау арқылы оның эволюциясын ашып қана қоймай, Қазақстандағы сопылық ілімнің тарихи-мәдени аспектілерін ашуға септігін тигізетінін алға тартады.
Осылайша, мақалада «Диуани хикмет» жинағының нұсқалары, оның текстологиясы және Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын қазіргі заманғы зерттеу контексінде түсінудегі маңызы туралы құнды көзқарас берілген.
Ж.А. Сүлейменова Б.С. Қорғанбеков П.Ж. Балхимбекова Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 75 87 «БАБЫРНАМАДАҒЫ» ҮНДІСТАНДЫҚ СҮТҚОРЕКТІЛЕР АТАУЛАРЫНА ТІЛДІК ТАЛДАУ: ЭТИМОЛОГИЯ, СЕМАНТИКА https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3847
Тарихта Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр патша және ақын ретінде ғана емес, сонымен бірге географ, этнограф, тарихшы ретінде де танымал. Бұның дәлелі – оның әлем әдебиетінде лайықты орын алатын «Бабырнама» атты өмірбаяндық шығармасы. «Бабырнама» ХV ғасырдың соңы – XVI ғасырдың басында Орта Азияда, Ауғанстан мен Үндістанда болған оқиғаларды шағатай тілінде баяндайды. «Бабырнама» жаратылыстануға қатысты терминдердің қазынасы болып, сол дәуірдің тарихи және табиғи жағдайына бірегей тілдік перспектива ұсынады. «Бабырнамадағы» флора мен фаунаның суреттелуі З.М. Бабырдың тілдік тәжірибесін түсіну үшін маңызды лингвистикалық ресурс болып табылады. Бұл мақалада «Бабырнамада» тіркелген Үндістанда мекендейтін сүтқоректілердің атаулары жан-жақты талданады. Зерттеу осы терминдердің этимологиясы мен семантикасына назар аударады. Авторлар үндістандық сүтқоректілердің атаулары аталған аймақта тұратын халықтардың тілдерінен алынған сөздер болуы мүмкін деген болжам жасайды. Фаунаның «Бабырнамада» жүйелі сипатталуы, нақты айтқанда ірі жануарлардан кіші жануарларға, сүтқоректілерден суда мекендейтін жануарларға дейін қарастырылуы Үндістанның жануарлар әлемінің кең лингвистикалық портретін жасайды деп есептейді. Мақалада тіл білімінің сипаттамалы және салыстырмалы әдістері қолданылып, bāndar, fīl, gaynī uy, gilāhrī, hāti, kalahara, karg, kūtahpāy, mūš-i xurmā, nawal, nīlagāv, ṣaḥrā’ī gāvmeš деген 12 терминнің этимологиясы мен семантикасы қарастырылады.
Қ.К. КЕНЖАЛИН Ә.Қ. ТАҢСЫҚБАЙ Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 88 101 Д. ИСАБЕКОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ КОННОТАЦИЯСЫ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3848
Мақалада қазақ халқының дарынды қаламгері, жарқын жазушысы Д. Исабековтың шығармаларында қолданылған тұрақты тіркестердегі ұлттық коннотация көріністері қарастырылады. Коннотация (лат. con – бірге және noto – белгілеу, дәйектеу) – тіл бірлігінің қосымша,ілеспе мағынасы. Коннотация белгілі түрде негізгі мағынамен байланысып, қабаттасып тұратын семантикалық немесе стилистикалық элементтерді қамтиды. Коннотация сөйленімнің экспрессивті-эмоционалды және бағалау реңктерін білдіруге қызмет етеді. Денотация (сөздің лексикалық мағынасы) мен коннотацияның мағынасы немесе қолданылуы негізінен зерттеу нысанына байланысты болады. Коннотация тілді зерттеуде және сөздің әдеби қолданылымын түсінуде маңызды рөл атқарады. Өйткені, сөздерді контекстке және жағдайға байланысты оң немесе теріс мағынамен қолдануға болады. Коннотация сөзге, сөз тіркестеріне эмоционалды немесе әлеуметтік әсер беретін субъективті мағына. Қолданылу аясына орай коннотацияның бейтарап түрі де кездесіп отырады. Коннотация өзі мағынасын білдіретін нысаналы сөздің шартты құрамдасы болмаса да, сол тілде сөйлеушілердің сана-сезімінде сөзге байланысты тұрақты түсініктер қалыптасқанына байланысты қосарлана жүреді. Мәселен, «түлкі» сөзі жануарды білдіретін болғанымен, халық танымында қулықпен, айлакерлікпен, аярлықпен байланысты бейнеде тұрақтанып қалғандықтан, коннотациялы мәнде осы мағыналармен қауымдасып (ассоциациаланып) тұратын тұрақты тіркестердің туындауына және қолданылуына жағдай жасайды. Коннотацияны мазмұндық, мәдени, ұлттық, эмоционалды, идеологиялық, бағалауыштық қасиеттері бойынша жіктеп қарастыру тіл білімінде орнығып үлгерген. Тұрақты тіркестер ұлттың тарихи өткенімен, әлемді танудағы сана-сезімдерімен және танымдарымен, мәдени құндылықтарымен және жетістіктерімен тығыз байланысты болғандықтан ұлттық ерекшеліктерді тіл арқылы нысаналауда маңызға ие.
Д.Ж. АРЫНБАЕВА Д.Н. БАЙҒҰТОВА А.Г. ҚҰРБАНОВ Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 102 114 АРСЛАН КОЙЧИЕВТІҢ «БАҚСЫ МЕН ШЫҢҒЫС ХАН» РОМАНЫНДАҒЫ ПОСТКОЛОНИАЛДЫ САНА ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРИЗМДЕР ҚОЛДАНЫСЫ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3849
Мақалада қырғыз жазушысы Арслан Койчиевтің «Бақсы мен Шыңғыс хан» романындағы отаршылдық және постотаршылдық көріністерді интерпретациялайтын фольклорлық мотивтердің поэтикалық қызметі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – романда автор қолданған фольклоризмдердің постотаршылдық белгілерді интерпретациялаудағы әдеби-эстетикалық функциясын айқындау.
Ресей империясының шоқындыру саясаты және сталиндік саяси репрессия салдары әлемге билік жүргізген Шыңғыс ханды өздерінің шығу тегімен жақын байланыстыратын халықтар арасында өзара қайшылықтарды күшейтіп, жік-жікке бөлінуіне түрткі болғаны белгілі. Отаршылдық зардабын тартқан ұрпақтар арасында өз ата-бабаларының тарихи қызметіне күмәнмен қарау немесе жоққа шығару, діні, тілі сынды ұлттық құндылықтарын бағаламауы өзінің тарихи және ұлттық бірегейлігінен саналы және бейсаналы түрде алыстауы отаршылдық саясаттың күшеюіне жол ашқан болатын. Бұл үдеріс қазіргі посткеңестік қоғамдардан да байқалады.
Сонымен қатар, аталған роман дискурсынан Кеңес Одағы кезеңінде адамдар ататегіне жалғанған қосымшаларды орыс тіліне негіздеп қолдануы мен дінді – халықтың санасын улайтын апиын ретінде насихаттауы сынды саясат көріністері қарастырылады. Аталған романда автор қырғыз бен қазақ халқының мәдениетіндегі қайтыс болған ата-бабаға арнап күмбезді мола тұрғызу рәсімінің ұлттық-этнографиялық ерекшелігін көрсетуге басымдық береді. Роман контексін зерттеу барысында герменевтикалық, психологиялық, салыстырмалы-типологиялық, антропологиялық әдістер арқылы түркі халықтарының жыр-аңыздарында кездесетін рудың ілкі атасы саналған зооантропоморфты (марал, бұғы, аққу, бөрі, қыран) аң-құстардың желеп-жебеуші қызметін одан кейінгі кезеңде Көк тәңірі, әруақ культі, бақсылық өнер сынды мистикалық тылсым күш иелерінің ығыстырғаны анықталды. Мақала авторы туындыда отаршылдық және постотаршылдық белгілердің фольклоризмдер арқылы бейнелену тәсілдеріне жан-жақты назар аударады.
Г.М. АХМЕТОВА Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 115 129 А. СЕЙДІМБЕК ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ СПЕЛЕОНИМДЕРДІҢ МИФОНИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ БЕЙНЕСІ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3851
Қазіргі тіршіліктің даму эволюциясы туралы пікірлер ішінде спелеонимдердің алар орны ерекше. Сонымен қатар, олардың семиотикалық қасиеті өте күшті, себебі жалпы онимдерде кодталған түрінде, экстралингвистикалық ақпараттың көп мөлшері сақталып, жинақталған. Зерттеуде А. Сейдімбек шығармаларындағы спелеонимдердің мифонимиялық және фольклорлық бейнесін ашу көзделіп отыр. Этнограф-ғалым еңбектеріндегі спелеонимдік материалдарды назарға ұстай отырып, топонимикалық кеңістіктегі спелеонимдердің семотикалық аспектілері, топонимдердегі аңыз бен ақиқаттың халықтық этимологиямен сабақтастығы, қазақтардың тілдік санасы мен тілдік бейнесінде кеңістік ұғымының қалай орныққандығы анықталады. Ғаламның мифтік бейнесін спелеонимдер (мифонимдер) деңгейінде көрсетуге әрекет жасалынады. Қазіргі ғылымда мифология деген ұғым туралы ғылыми көзқарастардың әр түрлі екендігін ескерсек, спелеонимдердің мифонимиялық және фольклорлық бейнесін ашуға мүмкіндік туады. Спелеонимдерге байланысты көптеген ұлттық нышаны бар мифтік және фольклорлық танымдар туралы тілші ғалымдардың пікірлері талданып көрсетіледі. Спелеонимдік концептілердің көп қабатты диахрониялық, хронологиялық деңгейлерін құрайтындығы қарастырылды. Сол қабаттарды, деңгейлерді аршу, талдау, сипаттау арқылы спелеонимдердің мифонимиялық және фольклорлық бейнесін суреттеу маңыздылығы айқындалды. Спелеонимдердің ұлт танымында қабылдануы барлық уақытта тарихи-мәдени қауымдастыққа тән дүниетанымдық ассоциация жүйесінде жүргізіліп отыратындығына дәлеледемелер келтірілді. Сонымен қатар, қазақ даласындағы спелеонимдер (үңгірлер) болашақта кең зерттеуді қажет ететіні, себебі табиғат туралы білім шеңбері осы табиғи ортаның ежелгі атауларын сақтауды қамтитыны айтылады.
Б.М. БАЗАРБЕКОВ Б.М. ТІЛЕУБЕРДИЕВ Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 130 139 ҚАЗАҚ ЛИНГВОМӘДЕНИ ТАНЫМЫНДАҒЫ «ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ» КОНЦЕПТІ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3852
Мақалада еңбекқорлық концептінің қазақ тіліндегі когнитивтік сипаты қарастырылады. Мақаланың негізгі мазмұны – халқымыздың мәдени және ұлттық тәжірибесі мен дәстүрлері туралы мол ақпарат беретін тұрақты сөз тіркестері арқылы ұрпақан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өзінің өне бойына халық мәдениетінің даму процесі жазылған фразеологиялық бірліктер арқылы халықтың мәдени көзқарастары, стереотиптері, стандарттары мен архетиптерін тануымен ерекшеленеді. Бүгінгі зерттеуіміздің негізгі нысаны тұрақты сөз тіркестері, паремиологиялық тіл бірліктері арқылы берілетін қарапайым халық танымындағы еңбекқорлық концептінің тілдік ерекшеліктері болып табылады. Ғылыми мақаланың мақсаты – еңбекқорлық концептінің семантикалық және концептуалдық бірліктерде қолданылуын зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін когнитивтік лингвистика, концепт, концептілік өріс, ғаламның тілдік бейнесі ұғымдарына ғылыми тұрғыда тоқталып, қазіргі таңдағы концептуалдық білім аясында зерттеліп жүрген ғалымдар пікірлерін саралай отырып, әлемнің тілдік бейнесі хақында авторлық көзқарасты қалыптастыру және еңбекқорлық концептінің лингвомәдени сипаттағы мазмұнын ашу сынды міндеттерге қол жеткізілді. Мақаланы жазу барысында тілдік бірліктердің семантикасын айқындау үшін концептуалды талдау, және когнитивтік лингвистика нысаналарындағы өзекті мәселелерді айқындауға сипаттама жасау, жүйелеу, бақылау, салғастыру, түйіндеу мен жіктеу әдістері талданатын материалдардың когнитивтік-лингвистикалық, лингвомәдени, этномәдени тұрғыдан сипаттама беруде пайдаландық.
Зерттеу нәтижесінде когнитивті дискурстағы еңбекқорлық// концептінің құрылымдық ерекшеліктері мен семантикалық көлемі анықталды.
Г.А. АЙТКУЛОВА Д.А. ИСЛАМ Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 140 151 «КОДЕКУС КУМАНИКУС» ЕСКЕРТКІШІ ТІЛІНДЕГІ НАНЫМ-СЕНІМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЛИНГВОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3853
Мақалада Орта ғасырлық «Кодекус Куманикус» қыпшақ жазба ескерткішінде кездесетін наным-сенімдерге қатысты лингвомәдени бірліктердің танымдық сипаты қарастырылған. Наным-сенімдер – белгілі бір халықтың өмірі, мәдениеті, салт-дәстүрі, дүниеге көзқарасымен тығыз байланысты қалыптасатын рухани түсініктер болып табылды. Мақаланың негізгі мақсаты – аталған ескерткіш тілінде көрініс тапқан наным-сенімдерге қатысты тіл бірліктерінің лингвомәденитанымдық сипатын және олардың түркі халықтарына тән ортақ сабақтастығын ашу.
Мақалада дала өркениетінде қалыптасқан лингвомәдени бірліктердің бүгінгі күнде көрініс табуы айқындалып, нақты мысалдар арқылы олардың этномәдени, лингвокогнитивтік сипаттары анықталды. Уақыт өткен сайын адам баласының таным-түсінігі толысып, өзіне дейінгі мұраларды жинақтап, зерттеу қажеттілігі артады. Жазба ескерткіш тілін антропоөзектілік парадигма тұрғысынан зерттеу, ескерткіш мәтініне лингвистикалық талдау жасау маңыздылығы жоғары.
Мақалада түркілік таным мен тілдік санадан туындаған тәңірлік наным-сенімді білдіретін Teŋir (тәңір), kök (көк) сөздерінің және baqčï (бақсы), qam (сиқыршы), qam qatïn (сиқыршы қатын), rämillik (пал ашу), bügü (әулие), kešenä (кесене), qurɤan (қорған), sïn (сынтас) сияқты мистикалық танымнан туындаған тілдік бірліктердің концептуалды-семантикалық сипаты қарастырылды. Сонымен қатар, yulduzčï (жұлдызшы), ay (ай), kun (күн), yulduz (жұлдыз), yаy (жай тасы), yayšï (жайшы), sazaɤan (айдаһар-найзағай) сынды космонимдердің лингвомәдени сипаты айқындалады.
Г.Ы. СЕРКЕБАЕВА С.Р. БОРАНБАЕВ Г. БЕСКЕМПИРОВА Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 152 166 ТІЛДІК ТҰЛҒА КЕҢІСТІГІНДЕГІ «РУХ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ МЕН ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ (Ш. Мұртаза шығармашылығы бойынша) https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3854
Қазіргі таңда концептология ғылыми бағыты лингвомәдениеттану, антропоцентристік лингвистика сияқты қазақ тіл білімінде көбірек зерттеліп жүрген өзекті мәселелердің қатарында. Аталған үш саланың негізгі зерттеу нысаналары өте ұқсас. Себебі осы тармақтардың барлығында тіл адам факторымен тығыз байланыста болып келеді.
Ұсынылып отырған мақалада қазақстандық көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза шығармаларындағы «Рух» концептісі зерттеліп қарастырылады. Автор аталған концептінің жан-жақтылығын және оның өз шығармашылығындағы маңыздылығын көрсетіп отырады.
Мақаланың мақсаты – тілдік тұлғаның көркем дүниелеріндегі «Рух» концептісінің әртүрлі семантикалық реңктер мен субтекстерге қалай ие болатынын және оның сюжеттердің дамуы мен кейіпкерлердің өзіндік сипаттамаларына қаншалықты және қалай әсер ететінін талдау.
Қазақ тіл білімінде шындық болмыс туралы білімдер жиынтығының тілдегі көрінісі – ғаламның тілдік бейнесі. Осыған байланысты кез келген тілдің өзіне ғана тән ерекшелігін көрсететін концептілері болатыны белгілі. Мақаланың негізгі міндеті сол – зерттеу объектісіне айналып отырған тілдік тұлғаның шығармаларындағы «Рух» концептісінің қандай ақпараттық, мәдени реңктерге ие болуын айқындау. Нақтылап айтатын болсақ, ғылыми мақалада автордың ұлттық ерекше дүниетанымындағы бұл концептінің қолданылу аясын талдадық.
Зерттеу мақаласы Шерхан Мұртазаның қазақстандық тарих пен мәдениетті білдіру үшін осы концептіні қалай қолданатынына назар аудара отырып, «Рухтың» адам баласының ұлттық бірегейлігімен, өнерімен, тілімен, табиғатымен және рухани дүниесімен байланысы туралы мәселені көтереді.
Мақаланың ғылыми-практикалық маңыздылығы - кейіпкерлердің ішкі әлемін талдау мен олардың рухани ізденістеріндегі «Рух» концептісінің берілуін айқындап беру. Ғылым әлемінде «концепт» термині тек лингвистиканың ғана емес, сонымен қатар философия, психология тәрізді іргелі ғылым салаларының негізгі терминдерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты, Шерхан Мұртазаның шығармашылығындағы «Рух» концептісін зерттеу оның адам жан-дүниесін жасаудағы суретшілік қыры және философ ретіндегі өзіндік шеберлігін, сондай-ақ осы тақырыптың тілдік, әдеби және мәдени пікірталас контексіндегі маңыздылығын айқындап беру.
Зерттеудің материалы ретінде Ш. Мұртазаның көркем шығармалары алынды.
Мақаланы әдебиеттанушылар мен лингвист мамандарға қосымша ретінде пайдалануға болады.
А.Т. КЕМБАЕВА О.С. ЖҰБАЙ Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 167 179 Абай Құнанбаев шығармаларындағы «ақыл» концептісі және оның орыс және ағылшын тілдеріне аударылуы https://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/3855
Бұл мақалада Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы «ақыл» концептісі және оның автордың түпнұсқа мәтіндерінде, сондай-ақ олардың орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармаларында берілу ерекшеліктері қарастырылады. Мақалада аударма нұсқаларындағы эквиваленттілік деңгейлері және аударма үдерісі барысында қолданылған әдістері салыстырылады. Абай өлеңі мен қара сөздеріндегі ақыл концептісінің берілуі зерттелінеді, сонымен қатар аударма үдерісі кезіндегі аударма тілдеріне тәржімалану ерекшеліктері қарастырылады. Мақаланы талқылау барысында Абай шығармалары түпнұсқа ретінде, қара сөз аудармасы ретінде С. Санбаев, Р. Сейсенбаев және К. Серікбаева, Е. Жұмағұлдың нұсқаларының орыс тіліндегі аудармалары, Ричард Маккейн, Саймон Гейгенның ағылшын тіліндегі, өлең аудармасы ретінде Дориан Роттенбергтің ағылшын тіліндегі аудармасы алынды. Концептілердің аудармада берілуін, олардың эквиваленттілік дәрежесін анықтау үшін мақала В.Н. Комиссаровтың эквиваленттік теориясына сүйенеді. Мақалада «ақыл» концептісінің ағылшын тіліндегі сөзбе-сөз аудармасы түпнұсқа сөздің барлық мәдени салдарын көрсетпейтініне назар аударумен қатар, семантикалық және мәдени сәйкестіктің жоқтығына баса назар аударылады. Мақаланың зерттеу әдістері аударма теориясы мен тәжірибесіне негізделген. Ақынның ойлау, сезіну, шығармашылық дәрежесін тану, түсіну – аудармашының таланты мен шығармашылығының биік деңгейге жетіп, ақындық қасиетке ие болуының алғышарты. Түпнұсқаны тілдік бейнелеу әдістеріне сәйкес келетін және шет тілінде түпнұсқаның мағынасын бере алатын Абай өлеңдерін басқа тілдерге аударудың бірқатар әдіс-тәсілдері анықталады.
У.Б. Байлиева Н.А. Алдабек Б.Д. Даутова Авторлық құқық (c) 2024 2024-06-30 2024-06-30 2 132 180 193