http://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/issue/feed Ясауи университетінің хабаршысы 2025-10-03T12:04:14+00:00 Habarshy khabarshi.iktu@ayu.edu.kz Open Journal Systems <p>"Iasaýı ýnıversıtetіnіń habarshysy" журналы Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінде1996 жылғы 8 қазанда тіркеліп, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қайта тіркеуден өтіп, N232-Ж куәлігі берілген. Шығу жиілігі: 3 айда 1 рет. МББ тілі: қазақша, түрікше, орысша, ағылшынша. Индекс № 75637. Журнал 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Париж қаласындағы ISSN (International Standard Serial Number) орталығында тіркелген. ISSN 2306-7365 (print), e-ISSN 2664-0686 (online).</p> http://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/5830 ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ПРОЗАНЫҢ КӨРІНІСІ: Б. САРЫБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ 2025-10-03T11:26:31+00:00 С.Қ. СЫЗДЫҚОВ sake.sakebaev@mail.ru Б.Т. ТЛЕУБЕКОВА biko.1972@mail.ru А.Д. ИБРАЕВА ibraevaaizat@mail.ru <p>Бұл мақалада тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасының даму бағыттары Бейбіт Сарыбайдың «Рауғаш ерте гүлдейді», «Мейірім», «Өліара» атты әңгімелері негізінде талданады. Жазушы шығармаларында көрініс тапқан рухани құндылықтар, адам болмысының терең психологиялық иірімдері, қоғам мен жеке тұлға арасындағы байланыс көркемдік тұрғыда қарастырылады. Автор өз туындыларында тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ қоғамының әлеуметтік, моральдық, философиялық мәселелерін шебер жеткізе отырып, ұлттық дүниетаным мен заман рухын көркем бейнелер арқылы ашады. Жазушының мақаламызда қарастырылатын басты кейіпкер – Рауғаш, жазушының шығармашылығында жиі кездесетін нәзік, терең ойлы, өмірге құштар, рухани ізденісте жүрген тұлға. Рауғаштың ішінде жүріп жатқан күрес, бір жағынан, адамның өз өміріне деген үмітін сақтап қалу мен екінші жағынан, сыртқы ортадан келетін кедергілерге қарсы тұруға деген ұмтылысы айқын көрсетіледі. Ал, «Мейірім» әңгімесіндегі Ұлан бейнесі – экзистенциалдық сипатқа ие кейіпкер. Қаламгер Ұланның бейнесі арқылы жазушы қазіргі қоғамда сиреп бара жатқан рухани тазалық, мейірім мен кешірім секілді адамгершілік құндылықтарды көтереді. Ол айналасындағы адамдардың бейнесін ғана емес, олардың ішкі жан дүниесін, күйзелісі мен сағынышын, жоғалтқан жылуын сурет арқылы жеткізуге тырысады. Бұл оның рухани дүниесінің тазалығын, өнерге деген адалдығын аңғартады. Сондай-ақ қаламгердің «Өліара» әңгімесіндегі Алматтың қоршаған ортасы – ата-анасының үміті, мұғалімдердің қысымы, қоғамның табысты болуға мәжбүрлеуі – ҰБТ-ны тек білім сынағы ғана емес, өмір мен болашақтың жалғыз жолы ретінде көруге итермелейді. Бұл – социокультурлік деталь ретінде көрінеді. Жазушы осы арқылы қазіргі қоғамда баланың жеке тұлға ретінде емес, нәтижеге жетуші құрал ретінде қабылданып отырғанын меңзейді. Мақалада кейіпкерлер жүйесі, ішкі монолог, психологизм, метафора мен символика сынды көркемдік құралдармен қатар әдеби теориялық талдаулар жасалынды.</p> 2025-09-30T00:00:00+00:00 Авторлық құқық (c) 2025 http://journals.ayu.edu.kz/index.php/habarshy/article/view/5831 Ленкорань әдеби ортасындағы сатира жанры 2025-10-03T12:04:14+00:00 Н. МАМЕДОВА ele.eliyev@gmail.com <p>Бұл мақалада XIX–XX ғасырлардағы Ленкорань әдеби ортасындағы сатира жанрының қалыптасуы мен даму ерекшеліктері қарастырылады. Сатира – қоғамдық құбылыстарды бейнелеудің әрі әлеуметтік әділетсіздікті әшкерелеудің пәрменді құралы ретінде, өңір қаламгерлерінің шығармашылық тәжірибесінде кең орын алды. Әдеби мұраларда халықтың тұрмыстық ауыр ахуалы, әлеуметтік теңсіздіктің салдары, екіжүзді дін өкілдері мен әділетсіз қазылар бейнелері өткір тілмен сыналып, сол дәуірдің қоғамдық келбеті айқын көрініс тапты. Өңірде сатира жанрының өрістеуіне бірнеше тарихи-мәдени фактор ықпал етті. Ең алдымен, Ленкорань өлкесінің бай фольклорлық мұрасы – мысқылға, әжуаға, өткір сынға негізделген халықтық дәстүрлер кейінгі жазба әдебиетке арқау болды. Сонымен қатар, аймақтың діни-рухани орталық ретіндегі орны мен жергілікті зиялы қауымның қалыптасуы әдеби дамуға қосымша серпін берді. Ағартушылық идеялардың кеңінен таралуы, надандықпен күрес пен оқу-ағарту ісінің күшеюі сатираның тәрбиелік әрі қоғамдық маңызын күшейтті. Осыған байланысты Азербайжанның Ленкорань әдеби ортасында сатира жанры тек көркемдік-эстетикалық мақсатта қолданылып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамдық пікірді қалыптастыруда, әлеуметтік әділетсіздікті әшкерелеуде және халықтың рухани санасын оятуда айрықша қызмет атқарды. Зерттеу нәтижесінде бұл жанрдың өңірдегі әдеби дамудың өзіндік ерекшеліктерін айқындап, ұлттық әдебиет тарихындағы орны мен маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретіні анықталды.</p> 2025-09-30T00:00:00+00:00 Авторлық құқық (c) 2025